Корда мен Маннарино Astana Open турнирінің финалына шықты

Сурет: ktf.kz
Бүгін, 2 қазанда Астанадағы ATP 250 турнирінің финалистері анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемнің 28-ракеткасы америкалық Себастьян Корда Астанадағы турнирдің жартылай финалында АТР рейтингінде 120-орында тұрған сербиялық Хамад Меджедовичті 6:7(6:8), 7:6(7:2), 7:6(7:3) есебімен ұтты. 

Матч 2 сағат 49 минутқа созылды. Бұл спортшылардың алғашқы кездесуі еді. Корда Astana Open бас жүлдесі үшін франциялық теннисші Адриан Маннариномен таласады.

Адриан Маннарино жартылай финалда аустриялық Себастьян Офнерді 6:4, 6:2 есебімен оп-оңай жеңді.

Жекелей сындағы финалдық матч ертең, 3 қазанда 15:30-да өтеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Тоқаев "Атлетико Мадрид" клубының бас директорын қабылдады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

Тибетте қатты жер сілкінісі болды