Азия ойындарында отандық тағы бір жеңіл атлет үшінші орын иеленді

Сурет: olympic.kz
Қазақстандық жеңіл атлет Надежда Дубовицкая 2022 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Qazaqstan Olympic team-ның хабарлауынша, спортшы биіктікке секіруде үшінші нәтиже көрсетті. Үздік үштіктің барлығы бірдей нәтиже көрсетті: 186 сантиметр. Ал жүлде орны жасалған әрекеттер санына сәйкес бөлінді.

Бірінші орынды өзбекстандық Сафина Садуллаева иеленді. Екінші орынды тағы бір өзбек спортшысы Светлана Радзивилға бұйырды. Надежда Дубовицкая "қоланы" місе тұтты.

Тағы бір отандасымыз Кристина Овчинникова төртінші орынға (183 сантиметр) тұрақтады.

Бұған дейін жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының өкілі Каролин Чепкоеч Кипкируи қола медаль жеңіп алғаны хабарланған болатын.


Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді