Софья Берульцева финалға шықты

Сурет: olympic.kz
WKF каратэден Ұлттық құрама көшбасшысы Софья Берульцева Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының ақтық айқасына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Софья жартылай финалда Филиппин спортшысы Изабель Арианна Бритодан басым түсті. Есеп: 1-0. Берульцева оған дейін (+68 келі) алғашқы жекпе-жегінде Жуд Олдрусты (Иордания) сенімді жеңген. Есеп: 3-0. Енді оның қарсыласы Непал немесе Гонконг каратэшісі болмақ.

Софья Берульцева – Токио Олимпиадасы мен 2021 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Сонымен қатар спорттың осы түріндегі ең беделді жарыстың бірі Премьер-лигада 4 рет алтыннан алқа тағып, тағы бірнеше мәрте жүлдегерлер қатарынан көрінген. Азияның 2 дүркін чемпионы, тағы 3 рет күміс, 1 рет қола медаль жеңіп алған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін