"Түркия туры-2023": Алексей Луценко корольдік кезеңнің жеңімпазы атанды

Сурет: Instagram/astanaqazaqstanteam
Азия ойындарының төрт дүркін чемпионы және "Астана" велокомандасының көшбасшысы Алексей Луценко "Түркия туры" көпкүндігінің үшінші кезеңінің жеңімпазы атанды. Бұл кезең жарыстағы ең қиын кезең болып саналды, өйткені шабандоздар тау басындағы мәреге жетуі тиіс, деп хабарлайды Zakon.kz.

Корольдік санат болып табылатын үшінші кезеңдегі қиын тапсырманы жуырда ғана Қытайдың Хуанжоуында өткен Азия ойындарының соңғы жеңімпазы Алексей Луценко жақсы орындады.

Astana Qazaqstan team командасының капитаны 104,1 шақырым қашықтықты барлығынан бұрын жүріп өтіп, жоғары санатты Бабадаг шыңына бірінші болып жетті.

Мәреге қазақстандық 3 сағат 34 минут 17 секунд уақытта келіп жетті, одан кейін неміс спортшысы Бен Звиехоф, ал үшінші болып "Астананың" тағы бір өкілі – колумбиялық Харольд Техада келді.

"Бұл жарыс өте қиын болды. Менің мансабымдағы ең қиыны деп те айта аламын, мәре тым биікте болды. Әр метр басып өткен сайын мәре жоғарылай берді. Бұл жерде әріптесім Техада маған көп көмектесті. Енді осы жеңісімнен кейін бес жыл бұрын алған "күмісімді" қазіргі "Түркия турының" "алтынына" ауыстырғым келеді. Бірақ, бұған қол жеткізу оңай болмайды, өйткені әлі де көптеген қиын кезеңдер бар. Бірақ, жеңіске жету үшін барымды салуға бармын". Алексей Луценко

 "Түркия туры-2023" жарысының жалпы есебінде де дәл осындай ретпен осы үш шабандоз алда келеді.

Луценко - бірінші, 12 секунд айырмашылықпен Звиехофф екінші, үздік үштікті Техада (-27 сек) түйіндеді. 15 қазанда "Түркия туры" көпкүндігі өз мәресіне жетеді. 

Соңғы екі күнде қазақстандық велошабондаздардың бұл - екінші үлкен жетістігі. 

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты