Қазақстандық спортшы таеквондодан Парижде өткен Гран-при турнирінің қола жүлдегері атанды

Таеквондо, Париж, Гран-при, қола медаль, Қазақстан, Мария Севостьянова, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2026 17:55 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан құрамасының спортшысы Мария Севостьянова Парижде өткен таеквондодан Гран-при турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, жартылай финалға дейін Севостьянова Тайбэй өкілі Вэй Чунь Линьді, Мажарстан спортшысы Лука Патакфалвиді және өзбекстандық Мәдина Марабзолованы жеңгенін хабарлайды.

Жартылай финалда қазақстандық спортшы қазіргі әлем чемпионы, бразилиялық Мария Клара Пачекоға 0:2 есебімен есе жіберіп, қола медальды місе тұтты.

Бұл маусымдағы Гран-придің финалдық кезеңі қараша айында Астанада өтеді.

Бұған дейін "Бернли" сапындағы Сәтбаевқа қатысты өз командасының мүшесі пікір білдіргенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: