Айдана Құмартаева таеквондодан Оңтүстік Кореядағы Гран-приде қола медаль жеңіп алды
Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасының таеквондошысы Айдана Құмартаева Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында өтіп жатқан әлемдік сериядағы Гран-при кезеңінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық спортшы 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырынан көрінді.
Алғашқы жекпе-жегінде Құмартаева Германия өкілі Супхрада Атеслиді жеңді. Одан кейін қазақстандық спортшы Коста-Рика спортшысы Джейси Бассетттен басым түсті.
Ширек финалда Құмартаева Франция спортшысы Мах Тенинбой Фофанамен кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша ол кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.
Жартылай финалда қазақстандық спортшы әлемнің қазіргі чемпионы, Қытай Тайбэйінің өкілі Лю Ю-юнмен кездесті. Жекпе-жек 2:0 есебімен қарсыластың жеңісімен аяқталды. Нәтижесінде Құмартаева үшінші орын алды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript