АТР-500 турнирінде тағы бір сенсация: Тейлор Фриц жарыс жолынан шығып қалды

Сурет: atptour
Токиода (Жапония) теннистен АТР-500 турнирі өтіп жатыр. Екінші айналымда аталған жарыстың фавориттерінің бірі - америкалық теннисші Тейлор Фриц қарсыласынан ұтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемдік рейтингте 10-шы орында тұрған америкалық теннисші осы тізімде 215-ші орында тұрған жапондық Синтаро Мочизукиге жол беріп, сенсация орын алды. Есеп: 6:0, 4:6, 6:7 (2:7). Жапондық үшін бұл - өз мансабындағы үздік теннисшіні шаң қаптырған алғашқы жеңісі екен. Жарыстан соң Мочизуки сұқбат беріп, өз эмоциясымен бөлісті.

"Не болып жатқанын білмеймін. Мен бірінші сетте оңбай ұтылдым. Оның жақсы ойыншы екенін бәрі біледі. Содан кейін мен тойтарыс беріп, барымды салып, үнемі күресумен болдым. Менің қолымнан келгені осы. Өзім қатты бақыттымын. Қалай екенін білмеймін, бірақ осы матчта әйтеуір жеңіске жеттім". Синтаро Мочизуки

Ширек финалда Мочизуки Алексей Попыринмен (Австралия) ойнайтын болады.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін