Дастан Мұқашбеков Азия пара ойындарының чемпионы болды

Сурет: Туризм және спорт министрлігі
Қазақстан спортшысы Дастан Мұқашбеков Азия пара ойындарының чемпионы атанды. Ол жеңіл атлетикадан (ядро) алтын медаль иегері атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан спортшыcы Дастан Мұқашбеков Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарында жеңіл атлетикадан алтын медаль иегері атанды. Оның нәтижесі-15,74 метр.

Соныменқатар осы санатта қазақтандық Иван Зелезняк 12,39 м нәтижесімен қола медаль жеңіп алды. Ал екінші орын БАӘ спортшысына бұйырды.

"Дастанды жарқын жеңісімен құттықтаймын! Бүгін ол кәсіби тұрғыда шеберлігі мен жеңіске деген сенімін айқын көрсетті. Оған болашақта да жоғары нәтижелерге қол жеткізуін тілеймін", - деді туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Айта кетері, бұл Азия пара ойындарындағы Қазақстан құрамасының алтыншы алтын медалі.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін