Бұл тартысты кездесудің тағдыры матчтан кейінгі пенальтиде шешілді. Қазақстан мен Чехия кездесуінің негізгі уақыты 3:3 есебімен тең аяқталды. Қазақстан құрамасы сапында Александр Кислицын, Бақтияр Жушнов және Асланбек Аршкенов гол соқты. Ал пенальтилер сериясында қазақстандықтар тағы бір гол соғып, 3:2 есебімен жеңіске жетіп, 2023 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.
Осылайша, қазақстандық футболшылар плей-офф кезеңінде екінші рет сенсация жасады. Бұған дейін Қазақстан қазіргі әлем чемпиондары Мексикадан басым түссе, енді әлемдік рейтингтегі үшінші команда – Чехияны жеңді.
Енді Қазақстан құрамасының әлем чемпионатының финалына шығуға мүмкіндігі бар. Ол үшін 3 қарашада біздің құрама Әзербайжан өкілдерін ұту керек. Румыния мен Венгрия 2023 жылғы әлем чемпионатының финалында екінші орын үшін таласады.
Шағын футболдан 2023 жылғы әлем чемпионы 4 қарашада анықталады.