Соңғы ойынның негізгі уақытында есеп 2:2 болып, тең аяқталды. Әуелі қазақстандықтар Унгур Мерсеа Киприан (автогол) мен Авел Таржановтың арқасында екі доп айырмашылығымен алға шықты.
Бірақ румындар көп ұзамай есепті теңестірді. Соңғы ысқырық соғылуға бір минут қалғанда Балог Мариус Габриель қарсыластар қақпасына екі рет гол соқты. Экстра-тайм ештеңе шешпеді, ал "алтынның" тағдыры пенальтиде шешілді, Румыния құрамасы суырылып алға шықты - 12:11.
Нәтижесінде Румыния құрамасы бірінші орынды иеленіп, біздің футболшылар "күмісті" жеңіп алды, ал үшінші орында венгриялық ойыншылар тұр. Олар үшінші орын үшін бәсекеде Әзербайжан құрамасын 3:1 есебімен жеңді.
Айта кетейік, қазақстандық құрама мини-футболдан әлем біріншілігінің финалында тұңғыш рет ойнады. Біздің футболшылар үш команданы жеңіп, топтық кезеңнен сәтті өтіп, турнирдің 1/8 финалына бірінші орынмен шықты. Ал плей-офф кезеңінде қазақстандықтар алдымен қазіргі әлем чемпионы – Мексиканы, содан кейін Чехияны, ал жартылай финалда Әзербайжанды жеңді. Аталған үш құраманың бәрі рейтингіде бізден жоғары тұр.