Тағы да Ислам: Қазақстан құрамасы Сан-Мариномен матчтағы екінші голды соқты

Сурет: akorda
Қазақстан құрамасы Сан-Мариномен матчтағы есепті еселей түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екінші тайм басталған алғашқы минуттарда (51-минут) ұлттық құрама футболшысы Ислам Чесноков екінші голды соғып, дубль жасады.

Есеп 2:0. 

Айта кетейік, бірінші таймның 19-минутында қарсыластар қақпасына алғашқы голды да Ислам Чесноков соққан еді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасының Сан-Марино командасына қарсы ойынына қолдау көрсету үшін "Астана Арена" стадионына барды

Президентпен бірге ұлттық құрамаға қолдау білдіру үшін даңқты спортшылар, спорт ардагерлері мен мәдениет қайраткерлері де барды.

Олардың арасында Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген, мини-футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Паулу Рикарду Фигейра Силва (Кака), футбол ардагерлері Михаил Гурман мен Вахид Масудов, бапкер Дмитрий Огай, олимпиада чемпиондары Ольга Рыпакова, Дмитрий Баландин және тағы басқалары бар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды

Қазақстан Қытайдағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

"Құрметті азамат" атағы кімдерге және қалай беріледі