Абат Айымбетов Қазақстан - Сан-Марино матчында үшінші голды соқты

Сурет: akorda
Абат Айымбетов Қазақстан - Сан-Марино матчында пенальтиден үшінші голды соқты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан-Сан-Марино матчында есеп 3:1.

Айта кетейік, бірінші таймның 19-минутында қарсыластар қақпасына алғашқы голды Ислам Чесноков соқты.

51-минут Ислам Чесноков екінші голды соғып, дубль жасады.

60-минутта Сан-Марино құрамасы Қазақстан құрамасына гол салды. Гол авторы - Франкиоси.

Бүгінгі ойынды тамашалау үшін стадионға 30 100 жанкүйер жиналған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасының Сан-Марино командасына қарсы ойынына қолдау көрсету үшін "Астана Арена" стадионына барды

Президентпен бірге ұлттық құрамаға қолдау білдіру үшін даңқты спортшылар, спорт ардагерлері мен мәдениет қайраткерлері де барды.

Олардың арасында Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген, мини-футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Паулу Рикарду Фигейра Силва (Кака), футбол ардагерлері Михаил Гурман мен Вахид Масудов, бапкер Дмитрий Огай, олимпиада чемпиондары Ольга Рыпакова, Дмитрий Баландин және тағы басқалары бар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады

Жасанды интеллектке сенген қытайлық фермер 10 гектар жердегі егінін жойып алды

Басып озамын деп басына қауіп төндірді: Ақтөбеде 11 жүргізуші жауапқа тартылды

Магистратура грантына кімдер таласа алады