Шавкат Рахмонов Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Сурет: instagram.com/shavkatrakhmonov94
Шавкат Рахмонов UFC-дегі кезекті жеңісінен кейін Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ассалаумағалейкүм, Қазақстан. Мен осындай жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күні, сондықтан қуаныштымын. Кішкене қобалжып тұрмын. Рақмет үлкен. Әрине, Wonerboy - өте мықты қарсылас. Мерзімінен бұрын жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Өзімді титулға белдесуге лайықтымын деп ойлаймын". Шавкат Рахмонов

Қазақстандық файтер бүгінгі жеңісінен кейін Instagram-дағы парақшасында жазба жариялады.

"Тәуелсіздік күні құтты болсын!Қазақ Елі,жеңіспен🇰🇿💪🏻", - деп жазды ол.

Еске салайық, қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов Лас-Вегастағы UFC 296 турнирінде америкалық Стивен Томпсонмен жекпе-жекке шығып, оны екінші раундта жеңді.

Шавкат Рахмоновтың жекпе-дегін тамашалауға АҚШ-тың бұрынғы презиеденті Дональд Трамп та барды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады