Александр Бублик Australian Open турнирінің алғашқы айналымында-ақ жеңіліп қалды

Сурет: ATP
2024 жылғы маусымның алғашқы "Үлкен дулыға" турнирі Мельбурнде (Аустралия) өтіп жатыр. Ойынның үшінші күнінде Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик жекелей сында бірінші айналымдағы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Александр Бублик (27 ATP) үндістандық теннисші Сумит Нагалдан (137 ATP) 4:6, 2:6, 6:7 (5:7) есебімен жеңілді. Қарсыластар бұрын кездеспеген.

Матч 2 сағат 38 минутқа созылды. Бублик 13 эйс, тоғыз қос қателік жасады және жеті брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.

Айта кетейік, 26 жастағы Сумит Нагал жекелей сында Аустралия ашық чемпионатының екінші кезеңіне шыққан 35 жылдағы алғашқы Үндістан өкілі болды. Ол іріктеу арқылы турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алды.

Сумит Нагал үшінші айналымға шығу үшін қытайлық Цзюнчен Шанмен кездеседі.

Енді Александр Бублик жұптық сында сербиялық Душан Лайовичпен (51 ATP) бірге өнер көрсетеді. Бірінші айналымда олар итальялық Маттео Арнальди/Андреа Пеллегрино дуэтімен ойнайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін жүргізу тәртібі өзгертілді

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қазақстанда тағы бір жаңа айыппұл түрі пайда болуы мүмкін

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстандағы жұмыспен қамтылған және жұмыссыз адамдар саны жарияланды