Алматыда гандболдан әлем чемпионатының төрт жолдамасы сарапқа салынады

Гандбол, әлем чемпионаты, жолдама, Алматы, әйелдер, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2026 19:56 Сурет: olympic.kz
23 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Алматыда әйелдер құрамалары арасында гандболдан Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құрлық біріншілігі 2027 жылғы әлем чемпионатына іріктеу болмақ. Турнир қорытындысы бойынша үздік төрт команда Венгрияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.

Жарысқа 10 ұлттық құрама қатысады.

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы В тобына түсті. Бұл топта Оңтүстік Корея, Үндістан, Аустралия және Өзбекстан құрамалары бар. Ал Жапония, Иран, Қытай, Гонконг және Таиланд А тобында өнер көрсетеді.

Қазақстандық гандболшылар турнирдегі алғашқы ойынын 23 қарашада Аустралия құрамасына қарсы өткізеді.

Бұған дейін Таиландтағы күрестен халықаралық турнирде жерлестеріміз екі алтын медаль еншілегенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: