Таиландтағы күрестен халықаралық турнирде жерлестеріміз екі алтын медаль еншіледі

Күрес, Таиланд, халықаралық турнир, балуан, алтын медаль, Еркебұлан Анапия, Данияр Қанағатбек, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2026 18:52 Сурет: olympic.kz
Қазіргі таңда Таиландтың Сирача қаласында күрес түрлерінен халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алғаш болып бозкілемге грек-рим күресінің балуандары шықты. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы екі алтын медаль жеңіп алды.

Еркебұлан Анапия (82 келіге дейін) және Данияр Қанағатбек (72 келіге дейін) қарсылас шақ келтірмей, алтын тұғырға көтерілді.

Айта кетейік, жарыс 22 қарашаға дейін жалғасады.

Бұған дейін Қазақстанның ең мықты велошабандозы XDS Astana Team командасының бас жаттықтырушысы болғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: