Қазақстандық жас теннисшілер жұптық сында Аустралия чемпионатын сәтті бастады

Сурет: ktf.kz
Қазақстандықтар Әмір Омарханов пен Асылжан Арыстанбекова жасөспірімдер арасында жұптық сында Аустралия ашық чемпионатын жеңіспен бастады. Омарханов оңтүстіккореялық Чанджун Киммен бірге екінші айналымға шықты, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Олар бастапқы кездесуінде испаниялық Изан Валентине — нидерландылық Тейс Богардты қапы қалдырды — 6:3, 7:5.

Омарханов пен Ким бір-бірін жақсы біледі. Қос теннисші жекелей сында үшінші айналымда өзара кездеседі. Осыған дейін екеуі бір рет шеберлік байқасып, онда Әмір жеңген еді.

Асылжан Арыстанбекова белоруссиялық Юлия Перепихинамен бірге аустралиялықтар Рени Алэйм — Алана Сибасичті 6:1, 6:3 есебімен ұтып, екінші айналымға өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті