Астана қаласының әкімі тағы бір лауазымды қызметтің тізгінін ұстады
Сурет: Zakon.kz
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Қазақстан Республикасының Үстел теннисі федерациясының президенті болып сайланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шешім Қазақстан Республикасының Үстел теннисі федерациясының кезектен тыс конференциясында қабылданды.
Ұйымның мәліметінше, бұл шешім қазақстандық үстел теннисінің белсенді даму кезеңінде және Астанада өтетін маңызды халықаралық спорттық оқиғалардың бірі — ITTF World Table Tennis Championships Finals 2027 әлем чемпионатына дайындық барысында қабылданды.
Айта кетсек, 2026 жылдың 18 қыркүйегінде Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript