Астана қаласының әкімі Мемлекет басшысына есеп берді

Президент қабылдауы, Қасым-Жомарт Тоқаев, Жеңісбек Қасымбек, Астана қаласының әкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2024 17:35 Сурет: akorda.kz
25 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жеңіс Қасымбек елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде мәлімет берді:

  • барлық негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалатынын айтты. Былтыр тартылған инвестиция көлемі 1,6 триллион теңгені құраған;
  • өңдеу өнеркәсібі, білім, медицина, логистика, көлік және басқа да салаларда іске асырылған жобалардың нәтижесінде 1,8 мың жұмыс орны ашылған;
  • өткен жылы JOLTAP жобасы аясында 6 мыңға жуық азамат жұмысқа орналасқан. Ал биыл жұмыспен қамтылатын азаматтардың санын 2 есе ұлғайту, яғни 12 мың адамнан асыру жоспарланып отыр. Жалпы 2024 жылы 58 мыңға жуық жұмыс орнын ашу көзделген;
  • былтыр күзде "Оңтүстік-Шығыс" газ жылу станциясын, "Тұран" газ жылу станциясының бірінші кезегін және үшінші ЖЭО-ны іске қосу нәтижесінде жылу қала бойынша ұзақ уақыттан бері алғаш рет артығымен беріліп жатыр. Елорданың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін бұл нысандардың қуаты – сағатына 1140 гигакалория;
  • биыл "Тельман" газ жылу станциясының бірінші кезегі және "Тұран" газ жылу станциясының екінші кезегі, үшінші ЖЭО-ның көмірмен жылытылатын бөлігінің іске қосылатыны туралы мәлімет берді. Бұл нысандар қаланы қосымша 600 Гкал/сағат жылу қуатымен қамтамасыз етеді;
  • әлеуметтік нысандардың құрылысы, апатты жағдайдағы ескі үйлерді сүру, құрылысы ұзаққа созылған нысандарды салып бітіру, тұрғын үй алаптарын дамыту, қаланы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары туралы айтты.

Кездесу соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: