Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Жеңіс Қасымбекке Астананы жылыту маусымына дайындауды тапсырды

Тоқаев Жеңіс Қасымбекке Астананы жылыту маусымына дайындауды тапсырды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2023 12:41 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде есеп берілді, деп жазды Ақорданың ресми сайты.

Президентке барлық негізгі экономикалық көрсеткіш бойынша оң динамика байқалатыны жайында мәлімет берілді.

"Биылғы 7 айда инвестиция көлемі 9,2 пайызға ұлғайып, 678,5 миллиард теңгеге жетті. Жыл соңына дейін жалпы сомасы 87 миллиард теңге болатын 25 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған. Оның 15 жобасы өңдеу өнеркәсібі саласында жүзеге асырылады", – делінген хабарламада.

Мемлекет басшысына қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандар құрылысының барысы туралы баяндалды. Газбен жылыту станциялары мен 3-ЖЭО алдағы жылыту маусымында іске қосылады деп жоспарланып отыр. Олар сағатына 1100 Гкал жылу береді. Бұл елордада жылу энергиясына деген сұранысты артығымен қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Бұдан бөлек, қала әкімі әлеуметтік нысандар салу (мектептер, жеңілдікпен берілетін қолжетімді тұрғын үйлер, медициналық орталықтар), ұзаққа созылған құрылыстарды аяқтау, апатты жағдайдағы және ескі үйлерді бұзу, тұрғын үй алаптарын дамыту, қаланы абаттандыру және көгалдандыру жайында айтты. Сондай-ақ биылғы оқу жылында Астанада 11 мектеп салынатынын, оның төртеуі қазір жұмыс істеп жатқанын жеткізді. "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 2024-2025 жылдары 90 мыңға жуық оқушыға арналған 24 мектеп салынады. Оның 15-і қарқынды дамып келе жатқан Есіл және Нұра аудандарында бой көтермек.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын одан әрі дамытуға, жылыту маусымына дайындығына және абаттандыру жұмыстарына қатысты бірқатар тапсырма берді", – делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ мемлекет басшысы бүгін экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевты қабылдап, кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа экологиялық заңнаманы жүзеге асыруға және табиғи ресурстарды сақтауға қатысты бірқатар тапсырма берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: