Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек референдумда дауыс берді

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек референдумда дауыс берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2026 09:45 Сурет: instagram\jenis_qasymbek
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек ҚР жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумда дауыс берді

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында референдумда дауыс бергені туралы мәлім етті.

"Бүгін таңертең Оқушылар сарайы ғимаратында орналасқан өз сайлау учаскемде дауыс бердім. Қала бойынша барлығы 501 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр." Жеңіс Қасымбек

Елорда тұрғындарының ыңғайлылығы үшін арнайы іздеу қызметі іске қосылған.

Оның көмегімен әр азамат өз сайлау учаскесі мен мекенжайын біле алады:

  • referendum.astana.kz ресми веб-сервисі;
  • referendum_astana_bot telegram-боты;
  • 109 нөмірі арқылы iKomek 109 бірыңғай байланыс орталығы.
"Бүгін сайлау учаскелерінде еңбек етіп жүрген азаматтарға алғысымды білдіремін." Жеңіс Қасымбек
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: