Әмір Омарханов пен Денис Евсеев әлемдік рейтингтегі жеке рекордтарын жаңартты

Сурет: ktf.kz
Қазақстандықтар Әмір Омарханов пен Денис Евсеев ATP және ITF Juniors рейтингіндегі орны айтарлықтай жақсарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Junior Australian Open турнирінде сәтті өнер көрсеткен қарағандылық Әмір Омарханов ITF Juniors рейтингінде 16-орынға көтерілді. Бұл - біздің қазақстандық жасөспірімдер арасындағы ең жақсы нәтиже. Бұған дейін қазақстандық теннистен ешкім әлемдік рейтингіде мұндай жоғары орынға көтеріле алмаған.

Айта кетейік, Әмір Juniors Australian Open турнирінде ширек финалға шыққан болатын.

ATP рейтингінде алматылық Денис Евсеев 176-орынға көтерілді. Бұл - қазақстандықтың карьерасындағы ең жақсы нәтиже. Ол 3-4 ақпанда Аргентинаның Росарио қаласында Қазақстан құрамасы Дэвис кубогының іріктеу кезеңінде Аргентинаға қарсы ойнайды, Денис Евсеев командамыздың бірінші ракеткасы болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды