Париждегі Олимпиада: Қазақстан әлі қай спорт түрінен лицензия алуы керек

Сурет: akorda.kz
ҚР Туризм және спорт министрлігі биыл Парижде өтетін Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасы спорттың 20 түрінен қатысуды жоспарлап отырғанын хабарлады. Сондықтан қысқа мерзімді басты міндет – лицензияларды ұтып алу, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Команда жетекшілері жеке жоспар бойынша дайындалады. Ол әр спорт түрінің ерекшеліктерін, спортшының қажеттіліктерін, медициналық және биологиялық қолдауды, оның ішінде физиотерапияны, қалпына келтіруді және жарақаттың алдын алуды, психологиялық қолдау мен көмекті ескере отырып стресті жарыстарға дайындық жасалады", – деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Бүгінде команданың 8 спорт түрінен 19 лицензиясы бар (садақ ату – 4, велоспорт – 3, ату – 5, заманауи бессайыс – 2, бокс – 2, грек-рим күресі – 1, еркін күрес – 1, көркем гимнастика – 1). Олимпиада ойындарына дейін 69 лицензиялық жарыс қалды, оның ішінде 5 әлем чемпионаты, 7 Азия чемпионаты және 57 рейтингтік турнир.

Басқарманың мәліметінше, ақпан айында біздің команданың өкілдері спорттың 18 түрінен 17 лицензиялық жарыста өнер көрсетеді. Дзюдо, семсерлесу, көркем гимнастика, ауыр атлетика және батут гимнастикасы бойынша өнер көрсететін спортшылар Париждегі Олимпиада ойындарына жолдама беретін рейтингтік ұпайларды сарапқа салады. Осы турнирлерде су спорты, бокс және жеңіл атлетикадан бақ сынайтын спортшылар төртжылдық мерейтойдың басты жарысына тікелей жолдама алу мүмкіндігіне ие болды.

Бұрын хабарлағандай, Парижде 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтетін Жазғы Олимпиада ойындары 205 елден 10 мыңнан астам спортшының қатысуымен өтіп, 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Синоптиктер Алматыда ыстықтың беті қашан қайтатынын айтты. Бір аптаға арналған ауа райы болжамы

Ғалымдар құны алтыннан да қымбат болатын сирек кездесетін минералды тапты

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

"Күн 44 градусқа дейін ысиды". Еліміз бойынша дауылды ескерту жарияланды