Юлия Путинцева Абу-Дабидегі турнирдің іріктеу кезеңінен өте алмады

Сурет: ktf.kz
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева испаниялық теннисші Ребека Масаровадан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz .

Қазақстандық теннисші іріктеу кезеңінің жартылай финалында 7:6, 4:6, 2:6 есебімен жеңіліп қалды.

Матч 2 сағат 11 минутқа созылды. Путинцева ойын кезінде бірде-бір эйс жасай алмады, үш қос қателік жіберді. Қазақстандық теннисші алты ұпай мен екі геймді қатар жеңгенімен, соңында бәрібір ұтылып қалды.

Ребека Масарова іріктеу кезеңінің финалына шығып, ұлыбританиялық теннисші Хитер Уотсонмен шеберлік байқасады.

Айта кетейік, Юлия Путинцева бұған дейін Таиландтағы WTA 250 турнирінің ширек финалында жеңіліп қалған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін