Александр Бубликтің қарсыласы ойыннан қуылды: қазақстандық Дубайдағы турнирдің финалына шықты

Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Александр Бублик Дубай ATP 500 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 5-ракеткасы, ресейлік Андрей Рублевпен кездесті. Бірінші партияда ресейлік спортшы тай-брейкте басымдылық танытты - 7:6 (7:4).

Екіншісінде Бублик есе қайырды - 7:6 (7:5). Үшінші, шешуші сетте есеп Бубликтің пайдасына 6:5 болған мезетте Рублев қапталдағы төрешіні балағаттаны үшін жеңіс қазақстандыққа берілді.

Екі сағат жарымға созылған тартысты кездесуде Бублик 21 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. 

Александр Бублик финалда рейтингіде 18-орындағы франциялық Уго Умбердің біреуімен чемпиондық атақты сарапқа салады. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Президенттің Жарлығы жарияланды – Қазақстан Халық Кеңесіне еліміздің 126 азаматы кірді