Алмахан барлық үш раундта қарсыласына төтеп беріп, жақсы ойын өрнегін көрсетті. Тіпті, жеңіл дивизионның көшбасшысын бір рет нокдаунға жіберді, содан кейін ресейлік бірден есін жиып, қарсыласын партерге түсірді. Жекпе-жек Нұрмагомедовтың жеңісімен аяқталды.
"Мен байқамай қалдым. Тіпті түсініп үлгермедім. Басында қашықтықта байқастам жүрдім, содан кейін оны алып ұрдым (өткізіп алған соққыдан кейін). Негізі, бұл жекпе-жек әлдеқайда жеңіл болады деп үміттенген едім, бірақ бұл жігіт нағыз құбыжық екен. Мен оны жай ғана алдыма салып, тұншықтыра саламын деген едім", – деді Умар Нұрмагомедов жекпе-жектен кейін.
Умар Нұрмагомедов ММА-дағы кәсіби мансабында 17-ші жеңіске жетті, 28 жастағы файтер әлі жеңіліп көрген емес.