Италиядағы жарыс: Асланбек Шымбергенов алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Сурет: olympic.kz
Бокстан Қазақстан командасының капитаны Асланбек Шымбергенов 5 наурызда Бусто-Арсициода (Италия) өткен лицензиялық турнирдегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, Асланбек Шымбергенов 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

"Алғашқы кездесуінде оның қарсыласы фин боксшысы Сэм Моровати болды. Шымбергенов сенімді түрде жеңіске жетіп, жарыстың келесі кезеңіне өтті",  делінген хабарламада.

Бұған дейін Махмұд Сабырхан мен Нұрбек Аралбай 2024 жылдың 4 наурызында Бусто-Арсициода бокстан өтіп жатқан лицензиялық турнирде жеңіске жеткені хабарланған болатын. 2024 жылдың 3 наурызында Сәкен Бибосынов Қазақстанға алғашқы жеңісті сыйға тарту еткен еді. 

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі