Италияда бокстан өтіп жатқан лицензиялық турнирде тағы бір отандасымыз жеңіске жетті

Сурет: ҚР ҰОК
Бусто-Арсициода (Италия) бокстан өтіп жатқан лицензиялық турнирде тағы бір отандасымыз Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҰОК мәліметтері бойынша, отандасымыз 63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күш сынады. Алғашқы жекпе-жегінде ол Доннель Филипке (Тринидад және Тобаго) қарсы өнер көрсетті.

Мұхаммедсабыр сенімді жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетті. Оның келесі жекпе-жегі 7 наурызға жоспарланған. 

Айта кетсек, Бокстан Қазақстан командасының капитаны Асланбек Шымбергенов 5 наурызда Бусто-Арсициода (Италия) өткен лицензиялық турнирдегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. Алғашқы кездесуінде оның қарсыласы фин боксшысы Сэм Моровати болды. Шымбергенов сенімді түрде жеңіске жетіп, жарыстың келесі кезеңіне өтті. Сондай-ақ Махмұд Сабырхан мен Нұрбек Аралбай 2024 жылдың 4 наурызында Бусто-Арсициода бокстан өтіп жатқан лицензиялық турнирде жеңіске жеткені хабарланған болатын. 2024 жылдың 3 наурызында Сәкен Бибосынов Қазақстанға алғашқы жеңісті сыйға тарту еткен еді. 

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады