Путинцева Майами WTA 1000 турнирінің екінші айналымына шықты

Сурет: ktf.kz
Юлия Путинцева Майами (АҚШ) WTA 1000 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 74-орында тұрған испаниялық Кристина Бучамен сәтті өткізді.

Бірінші партияда Путинцева 6:2 есебімен басым түссе, екіншісінде К.Буча қарымта қайырды – 6:3. Үшінші, шешуші сетте Юлия жеңісті жұлып алды – 6:4.

Екі сағат 17 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Путинцева 1 эйспен бірге 13 брейк-пойнттың сегізін мүлт жіберген жоқ.

Юлия Путинцева үшінші айналымға өту үшін әлемнің 15-ракеткасы, ресейлік Людмила Самсоновамен кездеседі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз