Попко мен Скатов "Челленджер" турнирлерінің ширек финалына шықты

Сурет: ATP
Мерида (Мексика) және Задарда (Хорватия) ATP Challenger сериясы бойынша турнирлер өтіп жатыр. Қазақстандық теннисшілер Дмитрий Попко мен Тимофей Скатов жекелей сында ширек финалға шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дмитрий Попко (№250 ATP) Мексиканың Мерида қаласында өтіп жатқан "Челленджердің" екінші кезеңінде (№250 ATP) ойнамай-ақ, ширек финалға шықты. Оның қарсыласы Алекс Рыбаков (№540 ATP) турнирге қатысудан бас тартты. Қазақстандық теннисші енді ширек финалда Тристан Бойермен (№230 ATP) ойнайды.

Қазақстанның тағы бір өкілі Тимофей Скатов (№273 ATP) Хорватияның Задар қаласында өтіп жатқан жарыстың екінші кезеңінде итальялық Алессандро Джаннессиді (№241 ATP) 6:1, 6:2 есебімен ұтты.

Скатов жартылай финалға шығу үшін аустриялық ойыншы Сандро Копппен (№392 ATP) шеберлік байқасады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды