Бокстан Бакудегі халықаралық турнирде ел қоржынына үш алтын медаль түсті

Сағындық Тоғамбай. Сурет: instagram.com/boxingkazakhstan
Бакуде өтіп жатқан халықаралық турнирде Қазақстан қоржынына үш алтын медаль түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

60 келі салмақ дәрежесінде айқасқан Талғат Сырымбетов финалда турнир қожайыны Азрак Бабировты жеңді. Үш раундта да қарқынын бәсеңдетпеген Талғат бірінші раундта-ақ қарсыласының аптығын басып тастаған. Ал үшінші раундта әзербайжандық боксшы, тіпті, жұдырықтасудан қалды. Нәтижесінде, төрешілердің бірауызды шешімімен Сырымбетов жеңіске жетті.

71 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан жерлесіміз Дархан Дүйсебай финалда өзбекстандық Бекзод Хамидовтан басым түсті. Әр раунд сайын үстемдігін байқатқан Дархан алғашқы екі раундта ұпайын түгелдеп, үшінші раундта шегіне жұдырықтасып, тағы мықтылығын көрсетті.

92 келідегі боксшымыз Сағындық Тоғамбай Бакудегі бәсекенің финалында турнир қожайыны, әлем чемпионы Лорен Альфонсо Домингесті жеңіп, жергілікті көрерменнің көзайымына айналды. Қарсыласына еш мүмкіндік бермеген жерлесіміз үш раундта да Әзербайжанның кубалық қабыланын қақырата ұрды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда