Елена Рыбакина Miami Open финалына шыққаны туралы айтты

Елена Рыбакина "Үлкен дулыға" турнирінің екі дүркін жеңімпазы, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, Беларусь теннисшісі Виктория Азаренконы жеңіп, Майамидегі WTA 1000 санатындағы жарыстың финалына шыққаны туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қолдауларыңызға рақмет. Бұл таңғажайып атмосфера болды. Маған осы стадиондағы бүгінгі матч ұнады. Бұл қиын шайқас болды. Мен үшін бұл турнир бірінші күннен-ақ марафонға айналды. Финалға дейін жеткеніме өте қуаныштымын", - деді Рыбакина ойыннан кейін.

Рыбакина Майамиде америкалық Даниэль Коллинзмен (53 WTA) чемпиондық титул үшін шеберлік байқасады. Матч 30 наурыз күні Қазақстан уақыты бойынша 21:30-да өтеді.

Айта кетейік, 24 жастағы қазақстандық теннисші 2006 жылы Мария Шараповадан кейін қатарынан екі рет Майами финалына шыққан ең жас теннисші. Елена финалдық кездесулер саны бойынша да осы жылдың ең үздік теннисшісі. Ол осымен төртінші рет финалда ойнағалы отыр. Ал WTA 1000 санатындағы турнирлерлің финалында бесінші рет ойнайды.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: