Гимнастикалық ат снарядында өнер көрсеткен Курбанов та Париждегі Олимпиадаға жолдама алды

Сурет: olympic.kz
Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының мүшесі Нариман Курбанов Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия ұтып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, гимнастикалық ат снарядында сынға түскен Нариман Дохадағы әлем кубогі кезеңінде 4-орын алды. Оның жолдама жолындағы басты қарсыласы, тайпейлік Ли Чи Кай 2-орыннан көрінді. 

Қазақстандық спортшы жалпы есепте 70 ұпай жинап, әлем кубогі кезеңдерін екінші орынмен аяқтады. Ал Олимпиада жолдамасы бірінші және екінші орын алған спортшыларға беріледі. Бірінші орынды 85 ұпай жинаған иорданиялық гимнаст иеленді. 

Бүгінгі жарыста қола медаль иеленген ирландиялық Риз Маккленаган Олимпиада жолдамасын алып қойған. Сондықтан, әлем кубогінің жалпы есебінде үшінші орынға берілетін 20 ұпай Нариман Курбановтың еншісіне жазылды. Осылайша, біздің спортшы 70 ұпаймен Парижге жолдама алды. 

Айта кетелік, бұл спорттық гимнастикадан Қазақстан командасы жеңіп алған екінші лицензия. Бұған дейін Милад Карими көпсайыстын жолдама жеңіп алған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз