Мбаппе "Пари Сен-Жермен" клубынан кететінін ресми түрде мәлімдеді

Франция құрамасының шабуылдаушысы, Париждің "Пари Сен-Жермен" клубының жұлдызы Килиан Мбаппе футбол маусымы соңында аяқталатын келісімшартын ұзартпайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы футболшы Instgram-дағы парақшасында хабарлады.

"Уақыты келгенде айтамын деп үнемі айтып жүрдім емес пе? Сондықтан бұл менің ПСЖ-дағы соңғы жылым екенін жариялаймын. Келісімшартты ұзартпаймын және ол бірнеше аптадан соң аяқталады. Соңғы матчты жексенбіде Парк де Пренсте өткіземін", - деді француз футболшысы.

Сондай-ақ, Мбаппе клубастарына, жаттықтырушыларға, "ПСЖ-ның" спорт директорларына және жанкүйерлерге өз алғысын білдірді.

"Мен үнемі аса бір айшықты ойын өрнегін көрсете беретін ойыншы емес екенімді білемін, маған жеті жыл бойы сыйлаған махаббаттарыңызды әрдайым ақтай бермедім. Бірақ мен ешқашан алдауға жол берген емеспін, үнемі ойнағым келді. Біз маусымды жақсы олжамен аяқтаймыз, оның барлығы менің жүрек түкпірімде құнды дүние болып қала береді. Қош бол, Париж", - деді Килиан Мбаппе.

25 жастағы Мбаппе 2017 жылдың жазынан бастап ПСЖ-да өнер көрсетеді. Команда құрамында футболшы Францияның бес дүркін чемпионы, елдің үш дүркін кубогы мен Суперкубогының иегері атанды, Лига кубогында екі рет жеңіске жетті. 

Кейбір қауесет пен инсайдтар таратқан ақпаратқа сүйенсек, Париж клубының жұлдызы испандық Реал Мадридке ауысуы ықтимал.  

Еуроодақ Қызықты
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: