Бейбіт Жукаев Португалиядағы турнирді сәтті бастады

Сурет: KTF
Оэйрашта (Португалия) "Челленджер" АТР сериясының турнирі өтуде. Қазақстандық теннисші Бейбіт Жукаев бірінші айналым матчын жекелей сында өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бастапқы ойында Бейбіт Жукаев (№174 АТР) Бельгиядан келген Готье Онклинді (№282 АТР) 7:6 (7:3), 7:6 (9:7) есебімен жеңді.

Келесі раундта Жукаев АҚШ-тық спортшы Патрик Кипсонмен (№150 АТР) ойнайды.

Сондай-ақ, Бейбіт Жукаев отандасы Дмитрий Попкомен бірге осы турнирдің екі разрядында өнер көрсетеді.

Еске сала кетейік, Дмитрий Попко Португалиядағы жарыстың жекелей сынында бірінші айналымнан өте алмады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Санжар Ерұланұлы дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионатында топ жарды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

ШҚО-да дронның көмегімен жоғалған 30 жылқы табылды

Дзюдошы Асқар Біржанов жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр