Хоккейден әлем чемионаты: Қазақстан Швецияға есе жіберді

Сурет: olympic.kz
Хоккейден Қазақстан құрамасы Финляндияда өтіп жатқан әлем чемпионатында қатарынан үшінші матчта ұтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері В тобының үздігі саналатын Швециямен кездесіп, жеңіліс тапты. Есеп - 1:3.

Қазақстан сапынан Әділ Бекетаев 46-минутта көзге түсті. Ал қарсыластар құрамынан Маркус Йоханссон (11-минут), Линус Йоханссон (36-минут) және Фабиан Зеттерлунд (42-минут) мергендігімен танылды. 

Осылайша, біздің команда кезекті кездесуде жеңіліп отыр. Бұған дейін қазақстандықтар Францияны 3:1 есебімен жеңіп, кейін Словакияға 2:6, Латвияға 0:2 есебімен жол берген еді. 

Қазақстан командасы топтағы келесі ойынды 17 мамыр күні Германияға қарсы өткізеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді