Жекпе-жектен кейін БАҚ алдына жалғыз шыққан Фьюри: Усикті ауруханаға алып кетті

Сурет: Telegram/Чемпионат
Сауд Арабиясы астанасында түнде бокстан ауыр салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы атағы үшін украиналық спортшы Александр Усик пен британдық Тайсон Фьюри 12 раунд бойы қиян-кескі ұрыс жүргізді. Төрешілердің жекелей шешімімен Усик жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алайда жекпе-жектен кейінгі баспасөз мәслихатына британдық боксшы Тайсон Фьюри (соңғы раундтардың бірінде нокдаунға ұшыраған) баспасөз мәслихатына жалғыз шықты.

Ол өз сөзінде жағы сынған Александр Усикті көмекшілері шұғыл түрде ауруханаға алып кеткенін айтты, хабарлайды Matchroom Boxing.

"Усик жағы сынып, ауруханаға түсті. Біз 12 раунд бойы бір-бірімізді төпелеумен болдық", - деді Фьюри.

Украина спортшысының өкілдері бұл ақпаратты әлі растаған жоқ.

Жекпе-жек барысында екі боксшының да қабағы жарылған болатын. Сонымен қатар, Усик тоғызыншы раундта Фьюриді нокдаунға жіберді.  

БАЭ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео