PGA турының екі дүркін жеңімпазы, танымал спортшы 30 жасында дүние салды

PGA турының екі дүркін жеңімпазы, кәсіби гольфшы Грейсон Мюррей 30 жасында дүние салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшы сенбіде, 25 мамырда, Colonial қаласында өтетін Charles Schwab Cup Challenge турниріне  қатысудан бас тартқаннан кейін бір күннен соң қайтыс болған.

Оның өлімінің мән-жайларына қатысты нақты мәліметтер айтылмайды. Қайғылы хабармен ерлер арасындағы негізгі кәсіби гольф турларын ұйымдастырушы - PGA Tour бөлісті.

"Айтарға сөз таппай тұрмын. PGA Tour - бұл үлкен отбасы, осы отбасы мүшелерінің бірінен айырылғанда ешқашан бұрынғыдай бола алмайсыз. Біз Грейсонның қазасын қайғыра қабыл алып, туған-туыстарына көңіл айтамыз", – деп жазды PGA Tour комиссары Джей Монахан.

Спортшы қызметтерін пайдаланған GSE Worldwide басқарушы компаниясы да бұл жайсыз жайтты растады.

"Бұл ретте біз қандай да бір сөздерді айтудан аулақпыз, өйткені жағдайдың мән-жайынан қанық емеспіз, Бастысы, оның отбасының, достарының және оны жақсы көретін адамдардың осы бір қиын уақытта жүректерін ауыртқымыз келмейді", делінген GSE мәлімдемесінде.

Бұрын алкоголь мен психикалық денсаулығына қатысты мәселелері болған Мюррей биыл өзінің кәсіби қызметінде үлкен жетістіктерге жетті.

Еуроодақ
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: