Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Олимпиада жолдамасына жақын қалды

Сурет: olympic.kz
Қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 келі) Олимпиада жолдамасына жақын қалды. Ол Бангкоктегі (Таиланд) турнирде тағы бір жеңіске қол жеткізді, деп жазады Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл салмақта бес квота сарапқа салынып жатыр. Оның төртеуін жартылай финалға шыққан боксшылар иеленді. 

Тағы бір жолдамаға ширек финалда сүрінген боксшылар таласады. 

Қазақстандық спортшы жартылай финалға шыға алған жоқ. Сондықтан оған жолдамаға иелік ету үшін тағы екі жекпе-жекте жеңіске жетуі керек. 

Бірінші кездесуде Базарбайұлы колумбиялық Хосе Мануэль Вифараға қарсы шықты. Алғашқы раундта Мұхаммедсабыр алға шықса, екінші раунд қарсыласқа  берілді. Ал үшінші раундта жекпе-жек тағдыры шешіліп, төрешілердің пікірі екіге бөлінді. Нәтижесінде, қазақстандық боксшы келесі кезеңге өтті.

Олимпиада квотасы үшін өтетін кездесуде ол молдовалық Александр Паращивке қарсы шығады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады