UFC жұлдызы Макгрегор Роналдуға 35 млн теңге бәс тікті

Сурет: Instagram/cristiano
Атақты ирландиялық файтер, UFC экс-чемпионы Конор Макгрегор португалдық форвард Криштиану Роналду Еуро-2024-тің үздік бомбардирі болатынына нық сенімді. Ол осы жолда 60 мың фунт (35 млн теңге) ақшасын сарп етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұрынғы жеңіл салмақтағы UFC чемпионы оның досы Криштиану Роналду үш жыл бұрынғыдай Еуропа чемпионатының үздік бомбардирі болатынына кәміл сенімді.
Ирландиялық 39 жастағы Португалия құрамасының шабуылшысы Еуро-2024-те "алтын бутсы" ұтып алатынына 60 мың фунт көлемінде (34 984 786 теңге) бәс тікті.
"Роналдуның "алтын бутсыды" сақтап қалуына 60 мың тіктім. Siuuu". Конор Макгрегор

2021 жылы Ұлыбританияда өткен Еуропа Чемпионатында Криштиану Роналду бес гол соғып, сол турнирдің үздік бомбардирі атанды.

Егер Макгрегордың болжамы орындалса, ол 900 000 фунт (524 771 795 теңге) көлемінде ақша ұтады.

Бүгінде Роналду Еуро-2024-те өзінің шеберлігімен көзге түсіп жүрсе, ал әйгілі UFC спортшысы ұзақ уақыттық үзілістен кейін алаңға орала алмай жүр.

Айта кетейік, Конор Макгрегор мен Майкл Чандлер арасындағы көптен күткен жекпе-жек 14 маусымда 35 жастағы ирландиялықтың жарақатына байланысты тоқтатылды.

Германия
АҚШ
Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

ҰҚК Алматы әуежайында тыйым салынған "өсімдікті" тасымалдаған шетелдік бойжеткенді құрықтады