Қазақстандық балуан ресейлік құраманың бас тартуынан кейін жазғы Олимпиадаға жолдама алды

Сурет: olympic.kz
Еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Мейрамбек Қартбай Париж Олимпиадасында бақ сынайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Olympic.kz ақпаратына сүйенсек, Ресей балуандары Олимпиададан бас тартқан соң, жолдамалар қайта үлестірілді. Осылайша, қазақстандық Мейрамбек Қартбай Олимпиада жолдамасына ие болды.

Ол жолдама үшін таласта Олимпиада чемпионы Заур Угуиевке жол беріп, қалған іріктеу турниріне қатыспаған болатын.

Бұған дейін Парижде Қазақстандық төрт баулан: Мейрамбек Қартбай (57 келіге дейін), Азамат Дәулетбеков (86 келіге дейін), Әлішер Ерғали (97 келіге дейін) және Юсуп Батырмұрзаев (125 келіге дейін) өнер көрсететіні хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз