Реал "Мбаппе" деп жазылған футболкалардың бірінші партиясын бірнеше сағаттың ішінде сатып жіберді

Сурет: Instagram/realmadrid
Мадридтің "Реал" клубы сатылым басталған күні Килиана Мбаппе футболкаларына сұраныстардың санын толықтай өтей алмады. Бастапқыда жоспарланған футболкалар партиясы бірден сатылып кетті және клуб дүкені екінші партияның бір айға кешігетінін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Marca мәліметтері бойынша, 11 шілдеде ресми түрде Француз жұлдызының аты жазылған футболкалар сатылымға шықты.

Бірнеше сағаттық сауда-саттықтан кейін клуб дүкені жанкүйерлерге осы коллекцияға сұраныстың жоғары болуына байланысты төрт-алты апталық жеткізілім кешігуі туралы ескертті.

Сурет: Instagram/realmadrid

Сондай-ақ, Мбаппе презентациясына таратылған тегін билеттер бойынша да ажиотаж бар. Себебі 80 000 орындыққа дайындалған кешке келуге ниет білдірушілердің саны тым көп.

Осы кезде Килианның тұсаукесеріне кезекте 100 000-нан астам адам тұр. Айта кетейік, ресми іс-шараның өзі өтетін "Сантьяго Бернабеу" аренасы 85 000 орынға шақталған.

Француз шабуылшысының тұсаукесері 16 шілдеде өтеді, ол Реал Мадридте "9" нөмірімен ойнайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады