Qazaq style – Жәнібек Әлімханұлы қандай мәлімдеме жасады?

Сурет: instagram.com/janibek_alimkhanuly
Денсаулығына байланысты титулдық жекпе-жектен бас тартқан қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желіде жанкүйерлеріне үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қуанышта бірге болған жанкүйерлерім, қиындықта да қасымнан табылып жатқанына қуаныштымын. Баршаңызға Алла разы болсын. Тілек, дұғаларыңызға рақмет!

Денсаулығым дұрысталды. Қазір барлығы жақсы. Бұйыртса келесі жоспарды ақылдасып жатырмыз!", - деп жазды ол.

5 шілдеде Жәнібек Әлімханұлы алдағы жекпе-жекке қалай дайындалып жатқанын көрсетіп, желіде видео жариялаған болатын. Содан кейін ол баршаға жылдың ең үздік нокаутын көрсететінін мәлімдеді. Бірақ соңында денсаулығы жағынан "өзі нокаут" алып, Жәнібек Әлімханұлы жаңа зеландиялық спортшы Андрей Михайловичпен болатын жекпе-жек алдында, 12 шілдеде АҚШ-та ауруханаға түсіп қалды. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады