Дүйсенова жазғы Олимпиадаға баратын қазақстандық спортшылардың киім үлгісі жөнінде пікірін білдірді

Сурет: akorda.kz
Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова 16 шілдеде Үкімет отырысына дейін еліміздің олимпиадалық құрамасының спорттық формасы туралы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер Премьер-Министрдің орынбасарынан олимпиадаға арналған қазақстандық спортшылардың киім үлгісі ұнап-ұнамағанын сұрады. Дүйсенова форманың қалыпты екендігін айтты. Оған жауап ретінде, журналистер көпшіліктің көңілінен шыққан Моңғолия спортшыларының формасын мысалға келтірді.

"Әркімге өз киім үлгісі ұнайды. Бізге өзіміздікі ұнайды", - деп толықтырды Тамара Дүйсенова.

Журналистер қазақстандық форма жиынтығында "қысқы қалпақ" бар екенін, енді аптап ыстықта спортшылар сонымен баратынын еске салды.

"Әріптестер, киім үлгіміз қалыпты, бастысы жақсы нәтиже күтейік", – деді Дүйсенова.

9 шілдеде Президент ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрама командасының мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі