Анна Данилина Будапешт додасының жартылай финалында ойнайды

Сурет: ktf.kz
Анна Данилина Будапешт (Мажарстан) WTA 250 турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген Данилина мен ресейлік Ирина Хромачева ширек финалда германиялық Лена Пападакис – америкалық Джесси Энеймен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда қазақстандық-ресейлік жұп 6:2 есебімен басымдылық танытты. Олар екінші сетте де сол қарқынынан танған жоқ – 6:4. 

Данилина – Хромачеваның жартылай финалда америкалық-нидерландтық Кристина Роска мен Изабель Хаверлагпен кездеседі.



Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы