Рыбакина Олимпиададан тыс қалды: себебі белгілі болды

Сурет: ktf.kz
Қазақстан теннис федерациясы 25 шілдеде теннистен әйелдер ұлттық құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина денсаулығына байланысты Парижде өтетін ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына қатыса алмайтынын хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Федерацияның мәліметінше, Рыбакина қазір бронхитпен ауырып жатыр, дәрігерлер оған тек кортқа ғана емес, жарыстарға ұшып баруға да үзілді-кесілді тыйым салған.

"Елена бронхиттің қабынуынан сырқаттанып қалды, дәрігерлер оның кортқа шығуына ғана емес, жарысқа ұшып келуіне де қатаң тыйым салды. Рыбакина жазғы ойынға белсенді түрде дайындалып, өзінің жоғары деңгейін көрсеткісі келген. Алайда, сырқатына байланысты бұл мүмкін болмады", - делінген хабарламада.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды