Тоқаев Сметовті телефон арқылы құттықтады

Сурет: olympic.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елдос Сметовке телефон шалып, оны Олимп шыңын бағындыруымен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Тоқаев Сметовке телефон соғып, оны Олимпиада биігін бағындыруымен құттықтады, сондай-ақ спортшы қазақ халқының рухы мен мінезін көрсеткенін айтты.

"Қазақтың рухын, жалпы халқымыздың мықты мінезін көрсеттің. Бәріміз сені мақтан тұтамыз. Сөзіңде тұрдың, тамаша жеңіске жеттің, нағыз жігітсің! Сен сияқты жігіттердің арқасында туымыз әрқашанда асқақтап, желбірей берсін. Жаңа жеңістерге жете бер. Саған және отбасыңа аманшылық тілеймін. Астанада кездескеше!",  - деді Президент. 

Президенттің Олимпиада чемпионын құттықтаған, олардың телефонмен сөйлескен сәтінің видеосы тарады.

Еске салайық, ұлттық құрама көшбасшысы Елдос Сметов (60 келі) Олимпиада чемпионы атанды.

Қазақ балуаны Париждегі ойындардың финалында Лука Мхеидземен (Франция) күресіп, қарсыласынан басым түсті. Осылайша, Елдос Сметов олимп шыңын бағындырып, есімін қазақ спорты тарихына алтын әріппен қашап жазды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз