"Үшкемпіров атамыздың арманы орындалды". Олимпиада чемпионы атанған Сметов ағынан жарылды

Сурет: olympic.kz
Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов жетістікке жету жолында барлық қиындықты жеңуге болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

"Мүмкін емес нәрсе жоқ. Соған көзім жетті. Егер ниет болса, бәрін де жеңуге болады. Бәрі де қолдан келеді екен.

Жақсылық Үшкемпіров атамыздың арманы орындалып, жекпе-жек түрлерінен қазақтан Олимпиада чемпионы шықты. Өте қуаныштымын!

Өзімнің үшінші мүмкіндігімде чемпион атандым. Бұған дейін күмісті де, қоланы да алдым. Әлем чемпионы атандым. Халқымды қуантудан  артық бақыт жоқ", -  деді Сметов. 

Айта кетелік, Париж Олимпиадасының финалында Елдос Сметов жергілікті балуан Лука Мхеидзені жеңіп, алтыннан алқа тақты. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі