Әлішер Жұмақан велотректен Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді
Сурет: olympic.kz
Қазіргі таңда Гонконгта велотректен Әлем кубогының екінші кезеңі өтіп жатыр. Ерлер арасындағы "омниум" сайысында Қазақстан құрамасының өкілі Әлішер Жұмақан үздік ондыққа енді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарыс қорытындысы бойынша Жұмақан тоғызыншы орын алды.
Алтын жүлдені нидерландтық Филип Хейнен жеңіп алды. Екінші орынды жапониялық Кадзусигэ Кубоки иеленсе, британиялық Мэттью Босток қола медальға қол жеткізді.
Бұған дейін Назым Қызайбай бокстан Әлем біріншілігін сәтті бастағанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript