Назым Қызайбай бокстан Әлем біріншілігін сәтті бастады
Сурет: olympic.kz
Қазақстандық танымал боксшы, үш дүркін әлем чемпионы және Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай бокстан Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында әлем кубогының бірінші кезеңінде сәтті дебют жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі, 54 келідегі спортшы алғашқы жекпе-жегінде Түркия өкілі Айсен Таскинмен жолығып, 4:1 есебімен басым түсті.
Енді отандасымыз 22 сәуір күні 1/8 финалда Польша спортшысы Виктория Биата Рогалинскамен жұдырықтасады.
Сондай-ақ, 20 сәуір күні шаршы алаңға шыққан Дәулет Төлемісов пен Жансері Көшербаев алғашқы айналымнан-ақ сүрініп, қарсыластарына жол берді.
Бұған дейін додада еліміздің атынан ерлер құрамасынан 9 боксшы және әйелдер құрамасынан 7 боксшы жүлдеге таласатындығын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript